Біздің сайтқа қош келдіңіздер


Жұмыс кестесі

Пон. - Пят. : 08:30 - 16:42

Анализ қортындылары

Пон. - Пят. : 14:00 - 16:00

Сенім тұтқасы

8/705/689-67-86

Анықтама

8/7292/30-10-05
Мекен-жайы: 130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 ш/а., 170 ғимарат.
Е-mail: spid_aktau@mail.ru
Телефон: +7 (7292) 30-10-40

 Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын-алу орталығының директоры:

                                                         

Саралтаев Бердібек Қуантқанұлы
 
Конкурстық комиссияның шешімі негізінде Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен 2026 жылғы 26 қаңтардан бастап Саралтаев Бердібек Қуантқанұлы Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры лауазымына тағайындалды.
 
2006 жылы Бердібек Қуантқанұлы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «дәрігер-гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша аяқтады.
2016 жылы М. Нарикбаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2019 жылы Чех Республикасының білім беру бағдарламасы аясында «Бизнес-менеджмент» бағыты бойынша магистр дәрежесін алды.
 
Жалпы еңбек өтілі — 20 жыл.
 
Еңбек жолын 2006 жылы Жаңаөзен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маман қызметінен бастады.
2008–2009 жылдары Мұнайлы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиология бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2009 жылы Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиология бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2009–2011 жылдары Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы болды.
2011–2018 жылдары Түпқараған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасын басқарды.
2018–2022 жылдары Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды қадағалау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2022–2025 жылдары Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2025 жылғы 6 наурыздан АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Маңғыстау көпбейінді облыстық ауруханасы директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
 
Коронавирустық инфекциямен күрес кезеңінде Саралтаев Бердібек Қуантқанұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Халық алғысы» нагруд белгісімен, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
 

Директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасары:
 
                                          

                                                                           Абраев Ғалымжан Төкенұлы


       Абраев Ғалымжан Төкенұлы, 18.07.1962 ж. т. 1989 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1989 жылдан 1994 жылға дейін Алматы қаласындағы 4 Қалалық клиникалық аурухананың травматолог-дәрігері болып жұмыс істеді. 1995 жылдан 2011 жылға дейін ҚР ҰҚК Шекара қызметінде түрлі лауазымдарда әскери дәрігер болып қызмет атқарды. 2011 жылдан 2017 жылға дейін ҚР ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің медициналық қызметін басқарды. 2017 жылғы қарашадан 2024 жылғы қаңтарға дейін АИТВ ЖМ ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасары.
 

Директордың стратегиялық даму жөніндегі орынбасары:

 
Алтураев Ғалым Бисенбайұлы

Алтураев Ғалым Бисенбайұлы 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының (қазірігі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы) «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған.
 
Сонымен қатар, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының «Өңірлік даму» мамандығы бойынша оқуын аяқтап, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» магистрі дәрежесі берілген.
 
         Еңбек өтілін 2016 – 2018 жылдар аралығында Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының штататан тыс инспектор қызметінен бастаған.
2018 – 2019 жылдар аралығында Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасындағы қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы болып жасаған.
 
2019 – 2021 жылдар аралығында Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасындағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру және цифрландыру бөлімінің бас маманы болып жасаған.
 
2021 – 2023 жылдар аралығында Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасындағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру және цифрландыру бөлімі, салалық бюджеттік бағдарламалар, жекеменшік және бюджеттік жобалар, цифрландыру  бөлімі мен стратегиялық және инфрақұрылымдық даму, цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет бөлімдерінің басшысы болып жасаған.
 
2023 – 2024 жылдар аралығында Маңғыстау облысының экономика және бюджттік жоспарлау басқармасының бағдарламалық құжаттарды мониторингілеу бөлімі мен бюджеттік саясат және бюджет аралық қатынастар бөлімінің бас маманы болып жасаған.
 
2025 жылғы наурыз айынан – 2025 жылғы шілде айынан  «Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК ұйымдастыру әдістемелік жұмыс, пациенттерді қолдау қызметі, ішкі аудит және ақпараттандыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
 
Қазіргі таңда, «Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК-да директордың стратегиялық дамыту бойынша орынбасары қызметін атқаруда.
 
Алтураев Ғалым Бисенбайұлы денсаулық сақтау, менеджмент және экономика саласындағы тәжірибесі бар жоғары білікті маман.  
 
Өзінің негізгі мамандығынан басқа, 2025 жылы «Казахстанский медицинский университет «ВШОЗ»» ЖШС-де «Денсаулық сақтау менеджменті» тақырыбы бойынша қайта даярлау курсынан өткен.
 
Сондай-ақ, 2021 жылы жобалық менеджмент саласындағы жұмыстарды жүргізуге қажетті «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ҚР СТ ISO 21500-2014 стандарт талаптарына сәйкес «Жобаның басшысы» сертификатының иесі.
 
Білімі бойынша Алтураев Ғалым Бисенбайұлы үнемі білім деңгейін облыстық, республикалық аясында өткізілетін конференцияларға, семинарларға, мастер класстарға қатысуымен білімін жетілдіреді.

Аға медбике:


                                                          

Урбисинова Түгельбибі Бегімсалқызы

      Маңғыстау Облыстық АИТВ-инфекциясының аға медбикесі жоғары санатты медбике Тугельбибі Бегімсалқызы Урбисинова болып табылады, ол Орталықта 2013 жылдан бері істейді. Барлық орташа қызметшілер оның бақылауында болады. Аға медбике орташа медицина қызметшілерінің жоғары тұрған ұйымдар мен ведомстволардың жаңа бұйрықтарымен, нұсқаулықтарымен, әдістемелік ұсынымдарымен таныстырады. Ол медициналық жабдықтар бойынша, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар бойынша материалдық жауапты адам болып табылады. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, спиртті, байлау материалдарын, залалсыздандыру құралдарын, қолғаптарды және т.б. жеткізілуін уақытылы қамтамасыз етеді. Күшті әсер ететін, улы және ерекше тапшы дәрі-дәрмектер мен материалдардың дұрыс есепке алынуы мен сақталуын, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі, қызметшілердің септигісіздігі мен септике қарсылығы ережелерінің сақталуын бақылайды. Материалдық құндылықтардың есепке алынуы мен кірісін уақытылы жүргізеді, орталықтағы залалсыздандыру режимінің сақталуына бақылау жүргізеді.
 

Кадр жөніндегі инспектор:

                                                       

                                                                                Аралбаева Гульмира Жалғасбайқызы

         Маңғыстау Облыстық АИТВ- инфекциясының кадр жөніндегі инспекторы Аралбаева Гульмира болып табылады. Кәсіпорынды кадрлармен жасақтау бойынша жұмысты орындайды, кадрларды іріктеу, таңдау, орналастыру бойынша жұмсына қатысады. Еңбек бойынша келешекті және ағымдағы жоспарларды әзірлеуге қатысады. Оқу орындарында алған кәсіптері мен мамандықтарына сәйкес, жас мамандар мен жас жұмысшыларды орналасуы мен жұмысқа тұруына, олардың тағылымдамадан өтуіне бақылауды жүзеге асырады, жаңадан қабылданған қызметкерлерді өндірістік қызметке бейімдеу бойынша жұмысқа қатысады. Еңбек тәртібінің жай-күйін, және ұйым қызметкерлерімен ішкі еңбек тәртібінің орындауын, кадрлардың қозғалысын талдайды, кадрлар тұрақтамауын азайту және еңбек тәртібін жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, есептілікті жасайды.


Шаруашылық меңгерушісі:

                                                 

                                                                                    Бақыт  Нұртуған Бақытұлы  
2025 жылдың  қараша айынан бастап қазіргі уақытта шаруашылық меңгерушісі  Бақыт Нұртұған  Бақытұлы  болып табылады. Ол орталықты барлық қажетті материалдармен (кеңсе керек-жарақтарымен және шаруашылық тұрмыстық заттармен) жабдықтау жөніндегі жұмысқа басшылықты жүзеге асырады, түгендеу жүргізеді, шаруашылық Мүкәммалдың сақталуын, оны қалпына келтіруді және толықтыруды, сондай-ақ үй-жайлар мен іргелес аумақтарда тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді.

                                                                         

Біздің вакансиялар

Қысқаша  мәлімет
 
     1988 жылы Облыстық қан құю станциясының базасында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын зерттеу зертханасы ашылды және иммуноферментті анализатормен (ИФТ) қамтамасыз етілді. 1991 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша "жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-ЖИТС орталығы) құрылды.)
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы вирусы жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы № 240 бұйрығымен «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау областық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
«ЖИТС-тың  алдын  алу  және  оған қарсы  күрес жөніндегі  Маңғыстау  облыстық орталығы» ШЖҚ МКК қызметі 18.09.2009 ж. №193-IVҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және ҚР Үкіметінің  2016 жылғы 16 наурыздағы  №143 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық  сақтау  саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық»  Мемлекеттік  бағдарламасын іске  асырудың   іс-шаралар Жоспарын,  сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында  қабылданған АИТВ-инфекциясына қарсы күрес ісіне бейілділігі туралы Декларацияны  іске  асыруға  бағытталған.
Жұмыс жылдық жоспарға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ және СР 23.06.2015 ж. № 508 бұйрығына және жылдық жоспарға сәйкес орындалады.
ЖИТС МОО мамандарымен облыс тұрғындары арасында алдын алу  және індетке  қарсы іс-шаралар жүргізілуде. ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) кабинеті жұмыс жасайды, онда «Теңбе-тең» қағидаты бойынша халықтың осал топтары (СҚ – секс қызметкері, ИЕТ – инъекциялық есірткі  тұтынушылар, ЕЖЕ -ерлермен ерлер арасындағы жыныстық қатынас) қатарынан волонтерлер мен аутрич-қызметшілер және оқытылған медбикесі бар «Газель» маркалы автомашинада жылжымалы сенім пункті тартылады..
       Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 08 тамыздағы № 118 қаулысына сәйкес «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» ШЖҚ МККатауы «Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.

                                                                 
Орталықтың мақсаты:


1) Өңірде адамның иммун тапшылығы вирусына (бұдан әрі - АИТВ-инфекциясы) эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
2) АИТВ инфекциясының және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі-ЖИТС) алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру және үйлестіру);
3) АИТВ және ЖИТС-ның қауымдастырылған ауруларының зертханалық диагностикасын ұйымдастыру және жүргізу;
4) АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға диспансерлеу және медициналық көмек көрсету, байланыстан кейінгі ретровирусқа қарсы профилактика жүргізу;
 
 

Мекеме жаңалықтары

Фотогалерея

Показатели по области за  9 месяцев 2025

41

Выявлено граждан РК

10

Выявлено иностранцы

71
%

Мужчины

29.3
%

Женщины

Информация об ОСМС