Ақтауда «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» науқанның қорытындысы бойынша мерекелік кеш өтті
Ақтауда «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» науқанның қорытындысы бойынша мерекелік кеш өтті
Маңғыстау облысында 1 желтоқсан – дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен науқанның қорытындысы бойынша мерекелік кеш өтті.
Жиынға Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева, облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы басшысының орынбасары Ғалым Алтураев, Маңғыстау облыстық Пара Армрестлинг федерациясының басшысы Рухани Мустафа, Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев, Аманқос клиникасының директоры Мая Таңатарова, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №43 мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Дамир Ахметбаев, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 77 мекеме» басшысы әділет майоры Галибек Толепберген, Мұнайлы ауданы бойынша №6 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сардарбек Каракулов қатысты.
Шараның мақсаты – АИТВ-инфекциясының мәселелері бойынша алдын алу жұмысын жүргізу, халықтың АИТВ-инфекциясы бойынша білім деңгейін арттыру, Маңғыстау облысындағы жалпы халық арасында, оның ішінде жастар мен жасөспірімдер және халықтың негізгі топтар арасында АИТВ – инфекциясының таралу қарқынын азайту, ерте анықтап, уақытында ем тағайындау және алдын-алу шараларын барынша жандандыру сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. АИТВ-инфекциясының адам өміріне әсері туралы хабардарлықты арттыру, стигма мен кемсітушілікті жою.
- Біз үшін ең бастысы – қоғамды дұрыс ақпараттандыру, жастарды жауапкершілікке шақыру. Бір ай бойы жүргізілген ауқымды түсіндіру шараларының нәтижесін бүгін қорытындылап отырмыз. Қоғамдық орындарда, мекемелерде тұрғындармен тікелей жұмыс істедік, кеңестер бердік, ақпарат тараттық. Бұл жұмыстардың барлығы облысымызда АИТВ-ның алдын алуға үлкен үлес қосады деп сенемін, дейді АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы басшысының орынбасары Ғалым Алтураев.
Айлық аясында облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қоғамдық орындарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, базарлар мен түзету мекемелерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға ерікті түрде тексерілудің маңызы, инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу тәсілдері түсіндірілді, жадынамалар мен ақпараттық материалдар таратылды.
Сонымен бірге оқушылар арасында сурет байқауы, студенттер арасында бейнеролик сайысы ұйымдастырылды. Оқушылар өз жұмыстарында АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдарын бейнелесе, студенттер әлеуметтік роликтер арқылы қоғамда стигманың алдын алу және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру тақырыптарын көтерді.
Сурет байқауы бойынша 3-орынды Мұнайлы ауданы бойынша №6 жалпы білім беретін мектеп 11 Г сынып оқушысы Нурболат Юсупов марапатталады. Жетекшісі Наргул Абдырахманова. 2-орын Батыр селосы № 19 жалпы білім беру мектебінің 9 А сынып оқушысы Асел Табынбаева марапатталады. Жетекшісі Зинаида Избасарова. Ал 1-орынды Қарақұм жалпы білім беретін мектебінің 11 оқушысы Санақ Саян алды. Жетекшісі Рзабек Айнагул.
Видеоролик байқауы бойынша 3-орынға Түпқараған гуманитарлық- кәсіптік колледжі ие болды. Жетекшісі Гулшара Сисенбаева. Сонымен қатар, ЖШС «Каспий өңірі Болашақ» колледжі марапатталады. Жетекшісі Ажар Шандықызы. Сайыстың 2-орыны Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіне бұйырды. Жетекшісі Джанина Кайратқызы. Ал 1-орынды Ақтау технологиялық қызмет көрсету көлледжі алды. Жетекшісі Райхан Турганбайқызы
Шарада науқанның өтуіне үлес қосқандарға Алғыс хат табысталды. Байқаудың жеңімпаздары марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.