Рейтингтік бағдарлама қорытындысы бойынша ЖИТС Маңғыстау облысы бойынша көшбасшы кәсіпорын
ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес
жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы
«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» ШЖҚ МКК қызметі «Халықденсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 18.09.09 жылғы №193-IV Кодексін және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен 25.12.2010 жылы № 08-3208/И келісілген және Маңғыстау облысы әкімдігінің 25.12.2010 жылғы қаулысымен бекітілген, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған дамуының Стратегиялық жоспарын іске асыруға бағытталған.
ЖИТС ОО қызметі 2015 жылдың 3-ші тоқсанында рейтингтік көрсеткіштердің қорытындысы бойынша, біздің кәсіпорын өңірде аурудың төменгі деңгейімен
бірінші орын алды, мұнда 100 мың халыққа шаққанда сырқаттанушылық, әкімшілік қызметі, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысын бағалау, эпидемиологиялық бөлімінің қызметін бағалау, алдын алу жұмысы бөлімінің қызметін бағалау,емдеу-алдын алу көмек бөлімінің қызметін, емдеу-алдын алу көмек бөлімі бойынша орындаушылық тәртібін және ақпарат сапасын бағалау, зертхана қызметін бағалау секілді көрсеткіштері ескерілді.
РЕЙТИНГТІК БАҒДАРЛАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША
ЖИТС МАҢҒЫСТАУ ОО–КӨШБАСШЫ КӘСІПОРЫН
Мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер төлеу туралы статистикалық деректерге негізделген, саралау нәтижелері бойынша ЖИТС Маңғыстау облыстық орталығы
«САЛА КӨШБАСШЫСЫ 2015» белгісі берілген көшбасшы-кәсіпорын деп танылды.Кәсіпорынға
«Великое наследие Гиппократа» қабырғалық медалі мен
«Медицина мақтанышы» Ұлттық сертификаты табыс етіледі.
Рейтингтік бағдарлама қорытындысы бойынша біздің кәсіпорын:
«Әлеуметтік салық» критерийі бойынша Қазақстан Республикасының кәсіпорындары арасында
«11» орын (алтын)
«Жекелей табыс салығы» критерийі бойынша Маңғыстау облысының кәсіпорындары арасында
«2» орын (алтын) алды.
Бұл награда– жалпы мемлекеттік деңгейде біздің кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік мәртебесін тануы болып табылады.Бұл – осы кезеңде саладағы табыстылық пен көшбасшылықтың нышаны, кәсіпорынды басқарудағы аса көрінекті жетістігі, әлеуметтік белсенділігі, мемлекет алдындағы ашықтығы мен адал әріптестік қатынасы үшін берілген кепілдік.
«Медицина саласындағы қызметі үшін» (
«За услуги в медицинской сфере») орденімен–
ЖИТС МОО директоры– Қабылжан Қабижанұлы Нұрғалиев,
«Сезімтал жүрек» («Чуткое сердце») медалімен директордың ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық мәселелері жөніндегі орынбасары – Ақнұр Ханайқызы Тасболатова наградталды.
Қажырлы адал еңбегі, жоғары біліктілігі, компанияны дамытуға қосқан елеулі үлесі мен өз ісіне шынайы берілгендігі үшін.
«Жыл маманы 2015» («Специалист года 2015») Ұлттық сертификатымен мыналар наградталды:
1. Жамила Абдикадирқызы Махамбетқалиева– эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер- эпидемиолог.
2. Нина Николаевна Синельникова – алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы.
3. Ибагүль Юлдашқызы Мухамеджанова – диспансерлік бөлімінің әлеуметтік қызметкері.
4. Сауле Танасбайқызы Шұбарова– аға фельдшер-лаборант.
ЖИТС орталығының барша қызметшілерін еңбегіміздің осынша жоғары бағаланып
«САЛА КӨШБАСШЫСЫ 2015» белгісі берілуімен құттықтап, әрқашанда сәттілік пенгүлдену, алдағы уақыттада ортақ істе жоғары табыстар тілейміз!