Instagram-дағы конкурс қорытындысы туралы
2016 жылғы 17 қарашадан 10 желтоқсаны аралығында ЖИТС МОО-ның Instagram парақшасында@antispid_aktau Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес Күніне арналған «АИТВ-ның алдын алуды жандандыру үшін өз пікіріңді білдір!» деген ұранмен конкурс жарияланған болатын.
13-14 желтоқсанда конкурстың қорытындысын шығару және қорытынды акциясы және жеңімпаздарды наградтау болып өтті. Конкурсқа негізінен өскін ұрпағымыз –ЖОО мен колледждердің студенттері, мектеп оқушыларының қатысуымен бірге, облыстағы емдеу-алдын алу мекемелері өкілдерінің қалыс қалмағаны да қуанышты жай болды.
Қорытынды шарада ЖИТС ОО директорының ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық жұмысы жөніндегі орынбасары А.Х. Тасболатова құттықтау сөз сөйледі. Ол конкурсқа қатысушылардың баршасына ризашылығын білдірді, сонымен бірге конкурсқа қатысқандар көпшілігінің тақырыпты кәсіби шеберлікпен және түсінікті түрде аша білгенін атап көрсетті.
Бірінші орынға АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелері жазып көрсетілген және қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлыққа шақырған бейнеролигі үшін @abenova_zh Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетінің 2 курс студенті, Ақтау қаласының тұрғыны
Жанна Көптілеуоваие болды.Жүлдесі – өткізгішсіз колонка.
Екінші орынға АИТВ/ЖИТС алдын алудың және саламатты өмір салты ұраны бар фотосуреттері үшін
Ақтау қ. № 2 АҚЕ ие болды. Оларға – блютузқұлақшажүлдесітабысталды.
Үшінші орын «Мен АИТВ-ның алдын алуды жақтаймын!» деген тақырыптағы ұжымдық және жекеше фотосуреттері үшін
Туризм колледжінің 4 студентіне берілді. Оларға жүлде ретінде 2 өткізгішсіз қуаттайтын құрылғы мен 2 флешка берілді.
Белсенді қатысқаны үшін жүлде(өткізгішсіз қуаттайтын құрылғы) Instagram-дағы фотосуреттер сериясы үшін Ақтау қ. № 1 ОМ-тің 10б сынып оқушысы Алсу Ишмаеваға берілді.
Біздің конкурс осымен аяқталмайды! @antispid_aktau жазылыңыздар және барлық қызықтыратын оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Өзінің Конкурсқа қатысуы арқылы бізге құрмет көрсеткен қатысушылардың баршасына үлкен алғыс білдіргіміз келеді.
Алдағы уақытта да көптеген қызықты шаралар өткізілмек, бізбен бірге болыңыздар!
Біз сіздерге қандай қуаныш сыйлауды білеміз!
!
Материалды дайындаған ЖИТС МОО ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі
