1 057 жазбадан 921-940 аралығы көрсетілген.
17-11-2016
МӘМС туралы осы заң азаматтарға не береді
Подробнее...
МӘМС туралы осы заң азаматтарға не береді
Көптеген елдердің тұрғын халқыменсақтандыру медицинасы денсаулық сақтау жүйесінің тиімді моделдерінің бірі ретінде танылып отыр.Бұл азаматтарға медициналық көмектің барынша көп спектрін алуына мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі – МӘМС) енгізу тұжырымдамалық тұрғыда әзірленді. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 5, 6 және 7 баптарын қоспағанда,Заң 2016 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» осы Заң, азаматтардың денсаулығын сақтауға деген конституциялық құқығын іске асыру мақсатында,міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесі – бұл денсаулық сақтау саласында халықтың мүдделерін әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және орындау;
2)аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудің міндеттілігі;
3) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігі;
4) көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы;
5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тек қана қордың активтерін медициналық көмек көрсетуге пайдалану;
6) қор қызметінің жариялылығы.
МӘМСҚР барлық азаматтарына, олардың жынысына, жасына, тұрған жері мен әлеуметтік күйіне қарамастан, уақытылы, қолжетімді, сапалымедициналық көмекті және міндетті медициналық сақтандырудың (ММС) тиісті бағдарламаларына сәйкесММС қаражаты есебінен берілетін көлемде және талаптарда, дәрілік көмегін алуына кепілдік береді, қамтамасыз етеді.
Азаматтар көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін ала алады: амбулаторлы-емханалық көмек (бастапқы медициналық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек), стационарлыкөмек, стационарды алмастыратын көмек, жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаторлы-емханалық,стационарлыкөмек көрсетілуі кезінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету көзделеді.Адам өзінің қалауы бойынша, мемлекеттік немесе жеке клиникадан кез-келген медициналық көмек алу құқығына ие. ОғанМӘМС пакеті аясында дәрігердің қабылдауынан бастап терең тексеріп-қарау мен қымбат тұратын операциялар жасауға дейінгі барлық көрсетілетін қызметтер беріледі.
МӘМС тиімділігі – адам денсаулығын сақтауға мемлекет те, жұмыс берушілер де, азаматтардың өздері де жауапкершілік артатындығы болып табылады. Бұл ретте мемлекет: өзіне еліміздің барлық азаматтарына медициналық көмектің ең төменгі базалық пакетін немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін беруге міндеттеме алады.
Дәрігер эпидемиолог А.Кемазанова
10-11-2016
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру көздері
Подробнее...
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру көздері
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру көздері:
1) аударымдар мен жарналар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзгелері болып табылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары Бюджет кодексінде айқындалған тәртіппен, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен және азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, ай сайын, ағымдағы айдың бірінші бес жұмыс күні ішіндетөленеді.
2. Мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен айқындалатын, ағымдағы қаржы жылынан бұрынғы алдығы екі жылындағы орташа айлық жалақысы болып табылады.
3. Осы Заңның 28 бабының 4 тармағында көрсетілген, азаматтар үшін аударымдар мен жарналарды түсіру кезінде,міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналарын төлеу уәкілетті органмен айқындалған тәртіппен тоқтатылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар
1. Аударымдарды есептеу объектісі, осы Заңның 29 бабына сәйкес есептелінетін,жұмыскерге табыс түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары болып табылады.
2. Аударымдарды төлеуден осы Заңның 28 бабының 4 тармағында көрсетілген азаматтар үшін жұмыс берушілер босатылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар
1.Есептеу объектісі,осы Заңның 29 бабына сәйкес есептелінетін, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстар алатын жұмыскерлердің, дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалардың жарналары болып табылады.
2. Қорға жарналар төлеуден мынадай азаматтар босатылады:
1) балалар;
2) «Алтын алқа», «Күмісалқа» алқаларымен наградталған немесе бұрындары «Ардақты ана» атағына ие болған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
4) мүгедектер;
5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
6) интернаттық ұйымдарда оқитын және тәрбиеленетін адамдар;
7) күндізгі оқу нысанында техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ резидентура нысанында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын адамдар;
8) бала тууына, нәресте баланы (қызды) асырап алуына, олардың үш жасқа жеткенше күтуіне байланысты демалыста жүрген адамдар;
9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ нақты іс жүзінде баланы үшжасқа жеткенше тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін адамдар;
10)зейнеткерлер;
11)әскериқызметшілер;
12) арнайы мемлекеттікоргандардың қызметкерлері;
13) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
14) соттың үкімі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің (пенитенциарлы) мекемелерінде (қауіпсіздігі төмен мекемелерді қоспағанда) жазасын өтеп жатқан адамдар;
15) уақытша оқшаулап ұстау орындары мен тергеп оқшаулау орнында ұсталған адамдар.
ЖИТС МОО дәрігер дерматовенерологы Д.Б. Чотбаева
27-10-2016
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған медициналық мекемелер арасындағы «Жайдарман ойыны»
Подробнее...
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған медициналық мекемелер арасындағы «Жайдарман ойыны»
27 қазанда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай медициналық мекемелер арасында «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру» мекемесінің ұйымдастыруымен «Бірінші байлық-денсаулық» атты «Жайдарман» ойыны өткен болатын. Бұл шараға 8 медициналық мекемелер қомандасы қатысты. Олар:
- №1 Ақтау қалалық емхана, «Мед-экспресс»
- Облыстық психоневрологиялық диспансер, «Сезім»
- Облыстық наркологиялық диспансер, «Note bene»
- «Салауатты өмір салты» мекемесі, «120-80»
- Облыстық ЖИТС орталығы, «Т-Хелпер»
- «Мейірбике» колледжі, «Мейірбике жастары»
- Мұнайлы аудандық ауруханасы, «Жедел жәрдем»
- №1 Жаңаөзен қалалық емханасы, «Достар»
Барлық командалар жоғарғы деңгейде ойын көрсетті. Алайда, бұл бәйгеде мықты ойынымен алға озып шыққан командалар болды, яғни ашып айтатын болсақ:
- Бас жүлде - «Note bene»
- 2 ші орында - «Мед-экспресс» және «Сезім» командасы
- 3- ші орынды «Жедел жәрдем» командасы иеленді.
Облыстық ЖИТС орталығы атынан «Т-Хелпер» командасы өз үлесін қосып, жоғарғы деңгейде ойындарын көрсетті, нәтижесінде «Облыстық денсаулық сақтау басқармасының» басшысы атынан алғыс хатпен марапатталды.
13-10-2016
"МӘМС және медициналық сақтандырудың басқа да түрлері"
Подробнее...
МӘМС және медициналық сақтандырудың басқа да түрлері
МӘМ Сенгізу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін реформалау кешенінде жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 2016 жылдың қаңтарында «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын бекітті, онда саланы дамытудың негізгі міндеттері мен бағыттары көзделген.
Сонымен қатар Дүниежүзілік Банкпен2016-2020 жылдарға арналған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру: қолжетімділікті, сапасын, экономикалық тиімділігін арттыру және қаржылық қорғау»бірлескен жаңа жобасын іске асыруы Қазақстанда МӘМС орнықты дамуын қамтамасыз етпек.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі– ОСМС) – бұл денсаулық сақтау саласында халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.
МӘМСҚазақстан Республикасының барлық азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрған жеріне және табысына қарамастан, уақытылы, қолжетімді, сапалы және дәрі-дәрмектік көмек ұсынылуына кепілдік береді.
МӘМС аясында:
- «сақтандырылған» азаматтарға, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете отырып амбулаториялық- емханалық көмегі;
-стационарлық медициналық көмегі;
-жоғарытехнологиялық медициналық қызметі,
-стационарды алмастыру технологиялары;
-ұзақ мерзімде мейірбикелік күтім жасау берілетін болады.
МӘМС жүйесі мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ынтымақты жауаптылығына негізделген.
Қазақстанда мемлекет барлық азаматтарды жарналар төленген-төленбегеніне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (бұдан әрі – МККБК) қамтамасыз ететін аралас жүйе болатындығын атап өткен жөн. Оған қосымша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру МӘМС жүйесі және ерікті медициналық сақтандыру жұмыс істейтін болады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға беріледі және дәлелденген жоғары тиімділікке ие алдын алу, диагностикалық және емдеу медициналық қызметтерін қамтиды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне(бұдан әрі – МККБК) мыналар кіреді:
1) жедел медициналық жәрдем және санитарлықавиация;
2) амбулаториялық- емханалық көмек, мыналар қамтылады:
- бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі – далее – БМСК);
-бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманы мен бейінді мамандардың жіберу бойынша консультативтік–диагностикалық көмек (бұдан әрі – далее – КДП);
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындалатын госпиталдау оқиғаларының (шекті көлемі) жоспарланған саны аясында, шұғыл айқындамасы бойынша – жіберудің болуы- болмауына қарамастан, БМСК немесе медицина ұйымының маманын жіберу бойынша
стационарлы медициналық көмек ;
4) БМСК немесе медицина ұйымының маманын жіберу бойынша
стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
6)Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тұрғын халықтың санаттарына арналған
паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтім жасау.
Қазіргі кезде ҚР-да МККБК аясында (науқасқа да, сонымен қатар зардап шеккендерге де) шұғыл медициналық көмек берілетін айқындамалардың тізбесі бар. АлайдаМӘМС енгізілуімен, халықаралық оңды тәжірибесі тұрғысынан шұғыл көмектің жағдайы (өткір аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, бала туу, жарақаттар және т.б.) мемлекеттің бюджеті есебінен өтелетін болады.
Ерікті медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі– ЕМС
) міндетті мемлекеттік себетке және жекешелік клиникалардың ұсыныстарына енгізілмеген, қызмет көрсетуді қаржыландыру бөлігінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтырма маңызды бөлігі болып табылады. Оның үстіне ЕМСтұрғын халықтың өзіндік қаражаты немесе жұмыс берушінің өз қызметкерлеріне көрсететін материалдық қолдауы есебінен, көтермелі жақсартылған сервистік құраушты( мысалы медициналық көмекті алудың күту кезеңінің қысқаруы; оны алудың мейлінше жайлы жағдайы;мейлінше қымбат дәрі-дәрмектерді немесе тексеріп-қарауға қазіргі заманғы құрал-сайманды пайдалану және т.б.) көздестіреді.
Ерікті медициналық сақтандыру, сақтандырылған азаматтардың міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен белгіленгеннің үстіне қосымша медициналық қызметтерді алуына қарым-қатынас жасау болып табылады.
Осымен бір мезгілде ЕМС денсаулық сақтау ісінің жалпы жүйесін дамытуда маңызды рөл атқарады, себебі осы жүйеге бюджеттік ассигналауға байланысты емес қосымша қаржыландыруды «құяды». Сонымен бірге ЕМС медицинадағы көлеңкелі экономика деңгейін төмендетудің аса маңызды арнасы болып табылады.
ЖИТС МОО Дәрігер-эпидемиологы Д.С.Нұрғалина
2016 ж.
06-10-2016
"Жаңадан АИТВ-инфекциясын жұқтыруды қалай болдырмауға болады"
Подробнее...
Жаңадан АИТВ-инфекциясын жұқтыруды қалай болдырмауға болады
АИТВ-инфекциясы түбегейлі емделмейтін болғандықтан, инфекцияның таралуына қарсы күрестегі басты құрал– жаңадан жұқтыруды болдырмайтын – алдын алу шарасы болып табылады.АИТВ-инфекциясының алдын алудың бірнеше бағыттары бар.
1. Вакциналар
Вакциналар адамзатты көптеген қауіпті инфекциялық аурулардан құтқарып қалуда. Дүниежүзінде белсенді түрде "АИТВ-инфекциясына екпелерді" іздестіру жүргізілуде. Бірқатар үміт артатын нәтижелерге қарамастан, осындай вакцинаның ойлап табылғаны жайлы айту әлі ерте.
2. Қауіпсіз сексуалды мінез-құлықты насихаттау
Алдын алудың басты қағидаты сол бұрынғысынша – адамдарға қауіпсіз мінез-құлықтың барынша мол таңдауын ұсыну болып қалуда. АИТВ -ның және басқа да ЖЖБЖ-ның жұқтырылуын болдырмауға болады. Өз денсаулығың мен серіктесіңнің денсаулығын қорғаудың қарапайым, қолжетімді және қауіпсіз тәсілі бар – ол қауіпсіз секс.Қауіпсіз секс – бұл интимді қатынас жасау, оның кезінде өз организміңе шәуеттің, бөгде адам қанының немесе қынаптық бөліністің түсуі мүлдем болмайды.Мүшеқап– бұл жыныс органына кигізілетін, жұқа латекстен жасалған өте берік қаптама. Мүшеқап жыныстық қатынас жасау кезінде берілетін АИТВ-инфекциясынан/ЖИТС-тан және басқа да инфекциялардан,сондай-ақ қаламаған жүктіліктен қорғайды. Мүшеқап дұрыс пайдаланған кезде , АИТВ-инфекциясынан және басқа да ЖЖБЖ-дан өте жақсы қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл - қорғалуының жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін және жағымсыз әсері болмайтын бірден-бір құрал.
3. Есірткі тұтыну кезінде АИТВ жұқтыру тәуекелдігін азайту
Алдын алудың осы бағыты ерекше маңызды, себебі жаңадан АИТВ-ны жұқтыру жағдайларының көпшілігі тек қана есірткіні инъекциялық тұтыну кезінде болады. Жұқтырудың есірткі тұтынушылардың жыныстық серіктестеріне, сондай-ақ есірткі тұтынатын АИТВ-оңды немесе есірткіге тәуелді серіктестен жұқтырған аналардан туған балаларға едәуір үлесі тиеді. Бірінші кезекте, нашақормен ауыратындардың бәрінен есірткіден дереу бас тартуды талап ету бүгінгі нақты жайға сай келмейтіндігін есте ұстаған жөн.АИТВ-инфекциясының таралуын азайту үшін, есірткіні инъекциялық тұтынушыларға: не тұтынуды тоқтату, не қауіпсіз түріне ( шегу, иіскеу, жұту) ауысу, не инъекцияны залалсыздандырылған құралдармен жасау секілді таңдауын беру керек.Бұл – "есірткі тұтыну кезінде тәуекелді азайту" не "есірткі әсерінен зиянды азайту" стратегиясы деп аталады.
4. Тәуекелді мінез-құлықты өзгерту
Алдын алудың міндеті – адамдарға, өз мінез-құлқын ерікті түрдеөзгертуге сенім ұялату және ұзақ мерзімде мейлінше қауіпсіз ету. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Мінез-құлықты өзгертудің бірқатар психологиялық заңдылықтары бар. Орнығып қалған әдеттерінен ерікті түрде бас тарту,әдеттегідей, бірден бола қоймайды, қайта ол адамның мынадай бірнеше кезеңдер бойы жүретін ұзақ не одан қысқа уақытқа созылатын үдеріс болып табылады:
· Әдеттегі мінез-құлқының қауіпті екендігін ойламауы да мүмкін. (Мыналар қажет: назарын аударту, үрейлендіру, өзінің тәуекелдігін сезінуіне әкелу).
· Ойлана бастайды. (Мыналар қажет: тәуекелдік дәрежесі туралы нақты ақпаратты хабарлау,әдеттегі мінез-құлқының өзгертуге "жақтап" және "қарсы" ойларын талдауға көмектесу) .
· Әрекетке дайын. (Мыналар қажет: өзін-өзі бақылаудың жаңа машықтары мен техникасына үйрету, табысқа жетуін көтермелеу, әдеттегі ахуалын өзгертуге, тәуекелді жағдайдан арылуына көмектесу).
· Әрекет ету. (Мыналар қажет: өзін-өзі қолдау, өзара қолдау, кәсіби қолдау жүйесін құру).
· Орнықты нәтиже. (Мыналар қажет: қол жеткізгенге мақтаныш сезімін ұялату, жақын адамыңның ұдайы қолдауын сезіну).
Әлеуметтік жарнама, плакаттар, бейнеклиптер негізінен адамға осы проблема жайында ойлануға көмектесіп, негізінен бірінші сатысында ықпал етеді. Содан кейін мінез-құлқын өзгерту үшін мейлінше нақты ақпарат қажет етіледі, міне сондықтан да ЖИТС облыстық орталығымызда тек қана екінші кезеңінен бастап баспа материалдарымен таныстыру, мамандардың кеңес беруі, сенім телефонының жұмыс істеуі, оның айналасындағы адамдармен жұмыс түріндегі көмек көрсетіледі.
Егер Сізге кеңес беруден көмек пен қолдау қажет болса немесе Сіз өзіңнің АИТВ күйіңізді білгіңіз келсе, Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 3 ш/а, 170 ғимарат мекен- жайындағы ЖИТС орталығына немесе:50-05-12, 50–40– 49, 34-12-58телефондары бойынша хабарласуыңызға болады.
Біз әрқашан Сізге көмек беруге ықыластымыз.
30-09-2016
«Халықаралық қарттар күні»
Подробнее...
1-қазан – «Халықаралық қарттар күні»-не сәйкес, мекеменің зейнеткерлікке шыққан қызметкері – Б. Бисенбаеваның мекен-жайына мекеменің бір топ қызметкерлері барып, мерекесімен құттықтап, сыйлық табыстап, сый –сияпат көрсетті.
21-09-2016
Селекторлық кеңес
Подробнее...
21.09.2016 ж. ЖИТС ОО конференц залында ЖИТС қалалық және облыстық орталықтары басшыларының қатысуымен селекторлық кеңес болып өтті.
Кеңесте мынадай мәселелер қаралды:
1. «АИТВ: кеше, бүгін, ертең» ұлттық конференцияға дайындық;
2. Орталықтарды АРВ препараттарымен қамтамасыз ету;
3. Әр түрлі ұйымдастыру мәселелері.
15-09-2016
ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Подробнее...
ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Обновленный
Мемлекет, жұмыс берушілер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – ӘМСҚ) аударымдарды жүзеге асыра бастайды.
Заңға сәйкес азаматтарға медициналық қызмет пакеттерінің
2 түрі беріледі:
Біріншісі – базалық пакет, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, медициналық көмектің мемлекетпен кепілдік берілген көлемі болып табылады. Бұл пакет Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді болмақ. Пакет: әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде және қысылтаяң жағдайларда жедел жәрдемді және санитариялық авиацияны, алдын алу екпелерін қамтиды.
Өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтылған халыққа 2020 жылға дейін республикалық бюджет қаражаты есебінен амбулаторлы-емханалық көмекпен қамтамасыз етуді беру көзделіп отыр.
Екіншісі – жаңадан құрылатын Медициналық сақтандыру қорынан берілетін сақтандыру пакеті. Оған:амбулаторлы-емханалық көмек, стационарлы көмек(әлеуметтікмәні бар ауруларды қоспағанда), стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда),қалпына келтіріп емдеумен медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбикелік күту, жоғары технологиялы көмек кіреді.
Осы пакетті алуға құқық ҚР аумағында тұрақты тұратын, осылар үшін жарналар аударылатын азаматтарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Бұл ретте мемлекет экономикалық жағынан енжар халық үшін жарналарды, Жұмыс берушілер –жалдамалы жұмыскерлер үшін, салық органдарында тіркелген, Жұмыскерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар – өзі үшін жүзеге асырады.
Азаматтар ерікті түрде сақтандыруға қатысқан кезде осы пакеттерге қосымша шарт негізінде медициналық қызметті алуы мүмкін.
ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің базасында міндетті ай сайынғы жарналарды шоғырландыру және медициналық қызметтерді сатып алу үшінкоммерциялық емес акционерлік қоғам ұйымдық -құқықтық нысанында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылатын болады. Қордың Құрылтайшысы және жалғыз акционері ретінде ҚР Үкіметі кіріседі.
Ерекше санаттағы азаматтар (халықтың әлеуметтік -осал жіктері) үшін мемлекеттің жарналар мөлшерлемесі орташа айлық жалақының7% құрайды. Бұл ретте мөлшерлемелердің мөлшері кезең-кезеңмен: 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%, 2023 жылы 6%,2024 жылдан бастап - 7% артатын болады.
Жұмыс берушілер жарналары мөлшерлемесінің жалпы мөлшері табысының 5% құрайды, бұл ретте аударымдар 2017жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы4% және 2020 жылдан бастап -5% басталады. Осы аударымдардың корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерілімге жататындығын назарға алатын болсақ, жұмыс берушіге түсетін нақты жүктелім 2017жылы – 1,6%, 2018 жылы – 2,4%, 2019 жылы – 3,2%, 2020 жылдан бастап – 4% құрайтын болады.
Жұмыскерлер жарналарының мөлшерлемесі табысының 2% құрайды, бұл ретте осылардың аударымы 2019 жылдан бастап - 1%, 2020 жылдан бастап - 2% басталады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарналарының мөлшерлемесі (азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын дара кәсіпкерлер,дара нотариустер, дара сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, жеке тұлғалар) табысының 7% құрайды.Бұл ретте 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5% және 2020 жылдан бастап - 7% құрайды.Осыдан аударылатын пайыздардың сомасы 15 ең төменгі есептік айлықтан аспайтындығын атап көрсеткен жөн.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден азаматтардың мынадай 15 санаты (халықтың әлеуметтік-осал жіктері) босатылады:
- балалар;
- «Алтын алқа», «Күмісалқа» алқаларымен наградталған немесе бұрындары «Ардақты ана» атағына ие болған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
- ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
- мүгедектер;
- жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;
- интернаттық ұйымдарда оқитын және тәрбиеленетін адамдар;
- күндізгі оқу нысанында техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ резидентура нысанында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын адамдар;
- бала тууына, нәресте баланы (қызды) асырап алуына, оны 3 жасқа жеткенше күтуіне байланысты демалыста жүрген адамдар;
- жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ нақты іс жүзінде баланы 3 жасқа жеткенше тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін адамдар;
- зейнеткерлер;
- әскери қызметшілер;
- арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
- құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
- қауіпсіздігі төмен мекемелерді қоспағанда, соттың үкімімен ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар;
- уақытша оқшаулап ұстау орындары мен тергеп оқшаулау орнында ұсталған адамдар.
Жоғары санаттағы
дәрігер – инфекционист Ағия Мекешқызы Төлеева
08-09-2016
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы жалпы ұғым
Подробнее...
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы жалпы ұғым
Міндетті медициналық сақтандыру – бұл денсаулықты сақтауда азаматтардың мүдделерін әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрған жеріне және табысына қарамастанҚазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына,Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке теңдей қолжетімді болуына кепілдік береді.
Көптеген елдерде сақтандыру медицинасы жұмыс істейді. Мысалға, Германияда ол канцлер Бисмарктің билік еткен кезінен ғасырдан астам уақыттан бері бар.
Қазіргі кезде еуропаның 16 елі, сондай-ақ Түркия ( 1945 жылдан бері) мен Жапония ( 1961жылдан бері) бюджеттік жоспарлаумен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) моделін қолданады. Осынау елдерде медицина өте жоғары деңгейде,халықтың өмір сүру ұзақтығы жоғары – 80-85 жасқа дейін жетеді.
2015 жылғы 16 қарашада - Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл құжат – мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың бірлескен жауапкершілігі қағидаты негізінде,міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бөлігінде реформаны іске асыруға бағытталған.Заң, атап айтқанда, коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорын құруды көздестіреді.
2016 жылғы 13 мамырда –«Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК базасындаәлеуметтік медициналық сақтандыру Қорын құру бойынша Жобалық кеңсе құрылған.
2016 жылғы 23 тамызда –ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленген, ол таяу арада ҚР Үкіметінің қарауына енгізіледі.
Бұл ретте мемлекет өзіне:
а) еліміздің барлық азаматтарына медициналық қызметтің ең төменгі тегін базалық пакетін беруге. Бұл Қазақстандағы 17 млн.астам адамға қатысты болмақ. Осы пакетке әдетте ауруларды абайлатуға және алдын алуға бағытталған қызметтер, сондай-ақ шұғыл және жедел араласуды қажет ететін медициналық көмек түрлері қосылады;
б) МӘМС –қа оларға медициналық көмек алуға теңдей қолжетімдікті қамтамасыз ету үшін халықтың экономикалық енжар тобы үшін жарналар аударуғаміндеттемелер алады.
Қазақстанда осы топқа жататын азаматтар саны халықтың жалпы санының 50% астамын немесе 10 миллионға жуық адамды құрайды.Бұлар: балалар, қарт адамдар, көпбалалы аналар мен жүкті әйелдер, жұмыс істемейтін мүгедектер және т.с.
Жұмыс берушілер де өз жұмыскерлерінің денсаулығына қамқорлық жасайды, себебі дені сау адамдар мен өнімді еңбек ресурстары – кез-келген кәсіпорынның табысқа жетуінің кепілі. Сондықтан МӘМС жұмыс істеп тұрған барлық елдерде жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жүйесіне жарналар енгізуді жүргізеді, оның мөлшері еңбек ақы қорының 3%-нан 15%-на дейін құрайды.
Бүгінгі күнге Қазақстанның кәсіпорындарында 5,6 млн. астам адам еңбек етеді,осылардың МӘМС-ке жарнасын жұмыс берушілер аударуға тиіс. Жұмыспен қамтылған азаматтар, егер олар нақты кәсіпорындарда жұмыс істейтін және өзінің ісі бар болса, өз табысынан аударатын болады. Әлемдік тәжірибеде, егер азамат жалдамалы жұмыскер болып табылса, онда оның аударым мөлшері жалақысының 1%-нан 8,2%-ға дейін,ал дара кәсіпкер болса – онда өзінің мәлім еткен табысының (ең төменгі жалақыдан кем емес) - 7%-нан 15,5%-на дейін құрайды.
Жоғарыда келтірілген төлеушілердің барлығынан алынған қаражатты біріктіру, аталған елдерге қаражатты мақсатына сай игеруіне, берілетін медициналық көмек түрлерін кеңейтуге және оның сапасын арттыруға, және ең бастысы– осылардың алдында денсаулық сақтау жүйесінің есептілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген.
Бұл дегенің – медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ететін талаптар болып, Қазақстанның осыны таңдауына негіз болды.
МӘМС Қазақстан Республикасында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі және жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрған жеріне және табысына қарамастанҚазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке теңдей қолжетімді болуына кепілдік береді.
МӘМС халыққа не береді?
1) Қолжетімді емделу.
Сіз Өз қалауыңыз бойынша кез-келген мемлекеттік немесе жекешелік клиникада медициналық көмек алу құқығына ие боласыз. СізгеМӘМС пактеті аясында дәрігердің қабылдауынан бастап терең тексеріп- қарауға және қымбат тұратын операциялар жасауға дейін барлық қызметтер көрсетіледі. Осылар бойынша шығыстар Қормен төленетін болады.
2) Сапалы медициналық көмек
Әрбір клиника Сізге жоғары білікті көмек көрсетуге мүдделі болады. Себебі, енді ауруханалар мен емханалар МӘМС пакетіне кіретін сапалы қызмет көрсеткені үшін Қордан ақша алатын болады, ал бұлар тәжірибелі медперсоналмен жүзеге асырылатын дәл диагностика, жақсы емдеу, уақытылы оңалту, мейірбикелік күтім.
3) Тегін және қолжетімді дәрі-дәрмекті Сіздің мемлекет белгілеген аурулардың түрі бойынша тегін дәрі-дәрмек заттарын алуға құқыңыз болады. Сіз бұл дәрі-дәрмекті , оның сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, еліміздегі барлық дәріханалардан ала аласыз. Қор дәріханалардың қызметіне ақы төлеуді өзіне алады.
4) Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғау.
Егер Сіз емдеуден бас тартылуына немесе сапасы төмен қызметке кезіксеңіз, онда Сіз Қорға жүгінуіңізге болады, ал Қор Сізді қорғайтын және Сіздің мүддеңізді табандылықпен білдіретін болады.Қор клиникаларды қатаң түрде іріктеу жүргізіп, көрсетілетін қызметтің сапасына қатаң бақылайтын, Сіздің өтінішіңіз бойынша тексеру тағайындайтын және шаралар қолданатын болады.
5) Өз денсаулығың туралы толық ақпарат.
Денсаулық сақтау саласының жаңадан электрондық жүйесі ұйымдастырылатын болады, соның аясында Сіздің жеке өз кабинетіңіз болады. Мұнда Сіздің емханаға қаралуға келгеніңіз, стационарларда емделгеніңіз, тексеріліп- қаралғаныңыз бен талдамалардың нәтижелері, дәрігерлердің қорытындылары мен олардың ұсынымдары туралы барлық ақпарат болады.
Медициналық қызметтің екі пакеті болады.
Біріншісі– мемлекет беретін еліміздің барлық азаматтарына арналған ең төменгі базалық пакет. Ол:
·жедел жәрдемді және санитариялық авиацияны;
· «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ 21.05.2015 ж. бұйрығына сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмекті (оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусы мен адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушыдан туындайтын аурулар);
· алдын алу екпелерін;
·амбулаторлы- -дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету арқылы амбулаторлы-емханалық көмекті (2020 жылға дейін) қамтиды.
Екінші пакеті сақтандырылған азаматтарға арналған, МӘМС талаптарында берілетін медициналық қызметтер және өзінде мыналарды қамтиды:
·амбулаторлы- емханалық көмек:емханаларда емдеу;дәрігерлердің қабылдауы; зертханалық қызметтер; диагностика жәнге амалдар;
·жоспарлы тәртіппен ауруханаларда стационарлық емдеу-көмегі;
·стационарды алмастыратын көмек– күндізгі стационарларда емдеу;
·күрделі және бірегей медициналық технологияларды қолдану арқылы орындалатын, медициналық көмек – жоғары технологиялық медициналық қызметтер;
·дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету-амбулаторлы-емханалық көмек көрсету кезінде.
Егер Сіз осы тізімдегі санаттардың біріне кіретін болсаңыз, онда Сіз үшін мемлекет төлейтін болады:
· балалар;
· «Алтын алқа», «Күмісалқа» алқаларымен наградталған немесе бұрындары «Ардақты ана» атағына ие болған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
· Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
· мүгедектер;
· жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
· интернаттық ұйымдарда оқитын және тәрбиеленетін адамдар;
· күндізгі оқу нысанында техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ резидентура нысанында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын адамдар;
· бала (нәресте) тууына, нәресте баланы (қызды) асырап алуына, оның баланы (балаларын) олардың үш жасқа жеткенше күтуіне байланысты демалыста жүрген адамдар;
· жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ нақты іс жүзінде баланы (оның) үш жасқа жеткенше тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін адамдар;
·зейнеткерлер;
· соттың үкімімен қылмыстық атқару (пенитенциарлы) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі төмен мекемелерді қоспағанда) жазасын өтеп жатқан адамдар;
· уақытша оқшаулап ұстау орындары мен тергеп оқшаулау орнында ұсталған адамдар.
Әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының және басқаларының қызметкерлері жарнадан босатылады, дегенмен медициналық көмекке құқығы болады.
Егер Сіз жұмыс істемейтін болсаңыз, онда Сіз жергілікті жұмыспен қамту орталығына жүгінуіңіз керек, мұнда Сізге жұмысқа орналасудың нұсқалары ұсынылады. Егер ыңғайлы жұмыс бомаса, Сізді жұмыссыз ретінде тіркейді. Бұл жағдайда Сіз үшін мемлекет төлейтін болады.
Егер төлемесеңіз не болады?
Сіз МӘМС-тің қатысушысы болып табылмайсыз, сондықтан Сіздің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясындағы медициналық көмекке қолжетімділікке құқыңыз болмайды. Дегенмен, Сіз мемлекетпен кепілдік берілгенмыналарды қамтитын медициналық көмектің көлемін:
· жедел жәрдемді және санитариялық авиацияны;
· әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде және қысылтаяң шақтағы жағдайларда медициналық көмекті;
· алдын алу екпелерін;
·2020 жылға дейін амбулаторлы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету арқылы амбулаторлы-емханалық көмектіала аласыз.
Азаматтардың осы санатына арналған медициналық қызметтің қалған барлық түрлері ақылы негізде көрсетілетін болады.
МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ САҚТАУҒА ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАЙДЫ!
ЖИТС МОО директорының орынбасары А.Х.Тасболатова
07-09-2016
Медиа жоспар бойынша жұмыс
Подробнее...
ЖИТС –тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Республикалық орталықтан « 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы ақпараттық –түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізу жөнінде хат алғаннан кейін, Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен ағымдағы жылдың қыркүйегі – қарашасы айларына арналған медиа жоспары жасалды. Осы жоспар бойынша ЖИТС орталығының мамандарымен 2016 жылдың 6 қыркүйегінде алдағы уақытта халыққа түсіндіру жұмысын жүргізу үшін, басшылардың қатысуымен ЖИТС Маңғыстау облыстық орталығының барлық медқызметкерлері арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселесі бойынша семинар өткізілді.Семинарда мынадай тақырыптар көрініс тапты:
- «МӘМС енгізудің қажеттілігі.«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы»16.11.2015 ж.. №405 V ҚРЗ, баяндамашы–заңгер Ж.Т. Абдкгалиева.
- «ҚР-дағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру», дәрігер эпидемиолог Н.Н.Синельникова.
- «Жұмыс берушілер МӘМС туралы нені білуге тиіс», дәрігер эпидемиолог Н.Н. Синельникова.
- «МӘМСҚ қаржыландыру» , экономист А.М. Досбергенова.
Семинар сабағының соңында ЖИТС МОО-ның директоры
Қ. НұрғалиевМӘМС жөнінде қосымша түсініктер беріп сөз сөйледі.
06-09-2016
06.09.20106 ж. Ақтау қаласындағы сотталғандар арасында шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау ұйымдастыру туралы
Подробнее...
06.09.20106 ж. Ақтау қаласындағы сотталғандар арасында шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау ұйымдастыру туралы
«ҚР-да осал топтарда АИТВ -инфекциясының таралуына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және өткізу туралы әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР ДСжӘДМ20.07.2015 жылғы № 38 бұйрығын және «Облыста АИТВ инфекциясына ШЭҚ ұйымдастыру және өткізу туралы» ОДСБ мен ҚАЖКД 10.02.16 ж. № №39/21 бірлескен бұйрығын орындау үшін, ЖИТС ОО-ның конференц залында ЖИТС Орталығының зерттеуге қатысатын мамандарымен сотталғандар арасында ШЭҚ ұйымдастыру және өткізу жөнінде жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында сотталғандар арасында ШЭҚ ұйымдастыру бойынша: өткізу кезеңі, зерттеу объектісі, нормативтік құжаттар, өткізу жиілігі, ШЭҚ-ға қосу критерийі,ШЭҚ-тан шығарып тастау критерийі, ШЭҚ-қа қатысу үшін респонденттерді іріктеу әдістемесі, ШЭҚ бақылау парақшасы бойынша өткізу кезеңдері, ШЭҚ-ды өткізуге қатысатын мамандарды функционалдық міндеттерімен таныстыру,сотталғандар арасында ШЭҚ өткізу кезінде күтілмеген жағдайлар пайда болған кезде,мамандарды персоналдың іс-қимыл алгоритмімен таныстыру жөніндегі мәселелер талқыланды.
Зерттеуді бастау 14.09.2016 жылға жоспарланып отыр, зерттелуге 100 сотталған адам қатысатын болады.
Эпидемиологиялық бөлімнің
меңгерушісі Ж.Махамбетқалиева
26-08-2016
Маңғыстау облысы ЖИТС орталығының 25 жылдығына арналған «АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері» деген тақырыпта ғылыми – тәжірибелік конференция
Подробнее...
АИТВ-инфекциясының проблемасы, жұртшылықтың денсаулық сақтау саласындағы аса маңызды басымдықты проблемаларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы АИТВ-инфекциясымен сырқаттануы бойынша шоғырланым сатысында тұр, 100 мың тұрғын халыққа шаққанда АИТВ-мен (ВӨА) өмір сүретін адамдар арасында сырқаттанушылық көрсеткіші –105,6, 15-49 жастағы топтар арасындағы таралу көрсеткіші 0,2-0,6% критерийі жағдайында – 0,2 болып отыр.
АИТВ-инфекциясымен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық ахуал салыстырмалы түрде қолайлы. АИТВ-инфекциясымен сырқаттануы бойынша Маңғыстау облысы бастапқы сатысында және 16 өңір арасында сырқаттану деңгейі бойынша 15 орында тұр. 100 мың тұрғын халыққа шаққанда АИТВ-мен (ВӨА) өмір сүретін адамдар арасында сырқаттанушылық көрсеткіші –19,0, 15-49 жастағы топтар арасындағы таралу көрсеткіші 0,05%критерийі жағдайында –.0,036% болып отыр.
Жасына қарай топтардың барлығы АИТВ-инфекциясына шалдыққан, дегенмен 20-39 жас тобында жиі тіркеледі, жұмыс істейтіндер арасында да, сонымен қатар жұмыссыздар арасында да кездеседі. Гендерлік құрамы бойынша әйелдерге қарағанда, ерлер арасында жиі кездеседі, оның арақатынасы 2:1.
Облыста АИТВ-инфекциясы бойынша ахуалдың қолайлығына қарамастан, ЖИТС Республикалық Орталығы мамандарының қатысуымен, өңірлердегі ЖИТС -тың облыстық орталықтары мамандарының тәжірибесі мен пікір алмасуы үшін «АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері» деген тақырыпта ғылыми – тәжірибелік конференция өткізу қажеттілігі туындады. Конференция 2016 жылғы 25 тамызда «Достар» қонақүй кешені базасында болып өтті.
Конференцияның ашылуына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Ғ.Нұрғазиева,облыстық білім басқармасының, ҚАЖКД өкілдері, БАҚ өкілдері: телевизия, радио және газет журналистері қатысты.
Конференцияға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Жұмабекқызы Қадыр, ЖИТС Республикалық орталығы бас директорының орынбасары Ирина Ивановна Петренко, медицина ғылымдарының докторы, ҚазМҰУ профессоры Жанна ЗиапеденовнаТрумова, еңбек ардагерлері, өңірлік облыстық ЖИТС орталықтарының басшылары, емдеу -алдын алу ұйымдарының басшылары қатысты. Конференцияда «ҚР-дағы және Маңғыстау облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық ахуал»деген тақырып көрініс тапты, бұл туралы ЖИТС РО бас директорының орынбасары Ирина Ивановна Петренкожәне Маңғыстау облысы ЖИТС ОО директорының орынбасары Ақнұр Ханайқызы Тасболатова баяндамалар жасады.
Ересектер мен балаларда АИТВ-инфекциясы кезінде АРТ бастауға қазіргі заманғы тәсілдер, Тәжірибеге енгізуге АРВ препараттарының жаңа кластары,АИТВ-инфекциясы кезінде қайталама ауруы,АИТВ жұқтырылғандарға көмек көрсетудегі медицина ұйымдарының рөлі, Тік АИТВ-трансмиссиясы,АИТВ –ның анадан балаға берілуінің проблемалары мен оны жою жөнінде қабылданған шаралардың жай-күйі, Ықпалдастырылған тәсіл (МСК/ОЗМиР/ЖИТС қызметтері) деген тақырыпта медицина ғылымдарының докторы, ҚазМҰУ профессоры Ж.З. Трумова баяндама жасады.
«Зертханалық қызметтегі сапа менеджмент жүйесі» деген тақырыпта ЖИТС РО референс зертханасының меңгерушісі Ғалия Хаджимұратқызы Тәжібаева баяндама жасады.
Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығы
25-08-2016
Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысын тану туралы
Подробнее...
26.04.2016 жылы «ЖИТС» МОО ШЖҚ МКК-ны Жеке кәсіпкер «INKAR» Адильбекова Зарина Дюсембекованы мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген болатын.
Аталған соттың 07.06.2016 жылғы ж/і №7527-16-00-2/3895 шешімімен талап арыз толықтай қанағаттандырылып, жеке кәсіпкер «INKAR» З.Д. Адильбекова мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды.
05-08-2016
ЖИТС Республикалық орталығы мамандарының мониторингтік бақылау
Подробнее...
2016 жылғы 3-4 тамызда Қазақстанда АИТВ-инфекциясының оқиғасын электрондық қадағалау жүйесіндегі эпидемиологиялық деректердің сапасын бағалау бойынша «Содействие»/ICAP Жобасының стратегиялық ақпараты бойынша маманы В.А. Крюкованың қатысуымен, Л.Ю. Ганинаның жұмыс сапары бойынша шара өткізілді.
Тексеру барысында 01.01.2012 жылдан бастап 31.12.2015 жыл аралығындағы кезеңде карталармен деректер базасының дәлдігі мен толықтығы мәніне (85 карта) салыстыру жүзеге асырылды.
Карталармен деректер базасына салыстыру мынадай параметрлер бойынша жүргізілді: туған күні, жынысы, тексеріп-қарау коды, пенитенциарлы мекемесі, отбасы жағдайы,әлеуметтік күйі, есірткі тұтыну тәжірибесі, жыныстық мінез-құлқы, берілу жолдары. Сонымен бірге, салыстыру жүргізу кезінде, жорамалданған берілу жолдарын, көздерін және байланысқан адамын анықтап белгілеу бөлігінде АИТВ-инфекциясының оқиғаларын эпидемиологиялық тергеп - тексеру сапасына талдау жасалды.
Салыстыру барысында екі көздегі деректердің 100%-ға толық сәйкес келетіндігі анықталды.
Тексерілген 18 ЖИТС орталығының (филиалдарымен бірге) екінші қайтара сапарында Маңғыстау облысының ЖИТС ОО электрондық қадағалау базасын толтыру сапасы жөнінен рейтинг бойыншадеректердің 100%-ға сәйкес келуімен ЖИТС Орталықтары төрттігінің қатарына кірді.
Эпидемиология бөлімінің
меңгерушісі Ж.А.Махамбетқалиева
22-07-2016
Облыстық ЖИТС орталығында "Экспресс тест" бойынша оқу өтті.
Подробнее...
22-06-2016
«Денсаулық фестивалі- 2016» қорытындысы
Подробнее...
«Денсаулық фестивалі- 2016» қорытындысы
Біздің Орталық «Денсаулық фестивалі- 2016» кең ауқымды акциясын өткізу кезеңіне өзінің қомақты үлесін қосты. Барлығы 14 іс-шара өткізіліп, 1764 адам қамтылды.
Акция кезінде ЖИТС орталығының ғимаратындағы электронды таблода жүгіртпе жол арқылы облыс тұрғындары 6 маусымнан 11 маусым аралығында өтетін акцияға қатысуға шақыру жөнінде хабардар етілді.БіздіңWeb-сайттан Сіз дәрігер эпидемиолог Н.Н. Синельникованыңқоғамдағы қауіпсіз мінез-құлық туралы, денсаулықты сақтау және нығайту үшін дене белсенділігі мен спорттың маңызы, ЖИТС - "Жауапты мінез-құлық–АИТВ-дан қорғайды»- секілді әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу туралы хабарламасымен таныса аласыз.Салауатты өмір салтын насихаттау, АИТВ-инфекциясын жұқтырудың алдын алу өскелең ұрпақтың АИТВ/ЖИТС туралы хабардар ету мақсатында, Орталықтың педагогы Ы.Т. Қоджабергенова «Зерде», «Шағала», «Балдәурен», «Арман» аула клубтарында 4 лекция өткізді, қамтылғаны-84 мектеп оқушысы.«Мағаш», «Олжа», «Жігер» базарларында, Ақтау қ. №1 және №2 АҚЕ жанындағы, және Мұнайлы аудандық емханасы жанында, Жаңаөзен қ. Бейнеу кентінің емханаларында тұрғындар арасында АИТВ-ның, ЖЖБЖ және вирусты гепатиттердің алдын алу жөніндегі ақпараттық-білім беру материалдарының 1500 данасын үлестіру ұйымдастырылды. 6 емдеу-профилактикалық мекемесінде АИТВ/ЖИТС проблемасы мен алдын алу жөнінде 8 лекция өткізіліп, оған тұрғындардан 183 адам қамтылды. Сонымен бірге, мамандардың «Мағаш», «Олжа» радио тораптарында салауатты өмір салты және АИТВ/ЖИТС –тың алдын алу мәселелері жөніндегі сөз сөйлеулері болып өтті. Қамтылғаны -1500 адам.
Дайындаған:
Ұйымдастыру әдістемелік бөлімі эпидемиологының
көмекшісі З.Г. Ишмаева
17-06-2016
Медицина кәсіби мерекесі құтты болсын!!!
Подробнее...
Кәсіби мереке құтты болсын!
Дәстүр бойынша алғышқы жаз айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін, Медицина қызметкерлерінің күні кәсіби мереке құрметіне ЖИТС орталығы ұжымында салтанатты жиналыс болып өтті.
Салтанатты жиынға медицина саласында жұмыс істейтін, Гиппократқа ант бергендердің барлығы, сондай-ақ мейірбикелер, санитарлар мен көмекші персоналдар қатысты. Аса ауыр да құрметке лайық жұмыста сіңірген еңбектері үшін лайықтылар грамоталармен, алғыс хаттармен аталып өтілді:
· фельдшер-зертханашы С.Т.Шубарова «ҚР денсаулық саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен,
· эпид. бөлімінің меңгерушісі Ж.А. Махамбетқалиева – Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс» хатымен,
· дәрігер-эпидемиолог Н.К. Сүгірова Ақтау қаласы әкімінің «Алғыс» хатымен,
· дәрігер-эпидемиолог Ж.Б. Төлепова Ж.Б. «Нұр Отан» партиясының «Алғыс» хатымен,
· дәрігер-эпидемиолог А.Ч. Кемазанова Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет» грамотасымен,
· дәрігер-дерматовенеролог Д.Б. Чотбаева ЖИТС ОО-ның «Алғыс» хатымен,
· мейірбике Г.А. Батырқұлова ЖИТС ОО-ның «Алғыс» хатымен марапатталды.
Барлық марапатталғандарды, сондай-ақ медицинаға қатыстылардың баршасын мерекемен құттықтаймыз! Аспанымыз ашық болсын, кәсіби қызметте табыс мол болсын, өміріміз жарқын болсын!
01-06-2016
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!!!
Подробнее...
1949 жылдың қарашасында Парижде Әйелдердің Халықаралық демократиялық федерациясы Конгресінің шешімімен, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні болып белгіленді. Біздің елімізде алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылдан бастап атап өтілуде.
Біздің Орталықта АРВ (Антиретровирусты) терапиясын алатын екі бала диспансерлік есепте тұрады. АИТВ-жұқтырылған анадан туған 1,5 және 2 жасқа дейінгі бес бала бақылауға алынған.
Біздің Орталықта Балаларды қорғау Күніне арналған іс-шаралар өткізу жоспарына сәйкес, осынау айтулы мереке жыл сайын 1 маусымда атап өтіледі. Диспансерлік бөлімнің қызметкерлерімен мерекелік іс-шараны өткізуге арналған кабинеттер түрлі-түсті шарлармен безендірілген. Шақырылған барлық балаларды мерекесімен құттықтап, оларға мерекелік сыйлық жиынтықтары; көңіл көтеретін интеллектуалдық ойыншықтар, тәттілері, жемістері, шырындары бар азық-түлік себеттері табыс етіліп, ізгі ниетті тілектер білдірілді.
ЖИТС орталығының атына, қанағаттанарлық сезімі мен орындаған парызы үшін балалардың барлық аналары мен әжелерінен ыстық ықыласты ризашылықтары айтылды.
Диспансерлік бөлімінің меңгерушісі А.Т. Жиенғалиева
27-05-2016
"Ең уздік мектеп мейірбике-2016" атты сайыс откізілді.
Подробнее...
Қалыптасқан дәстүр бойынша 2016 жылғы 26 мамырда Ақтау қаласының №3 жалпы білім беретін мектеп базасында,Қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «2016 жылғы үздік мектеп мейірбикесі» облыстық конкурсы өткізілді. Қазылар алқасының құрамына ЖИТС МОО педагогы Ы.Т.Қоджабаргенова енді. Конкурс әр түрлі номинацияда ұйымдастырылды, оның ішінде АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және оның алдын алу, қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты мәселелер қозғалды. Кәсіби шеберліктері бойынша Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы және Маңғыстау аудандарының өкілдері жарысқа түсті.
Түпқараған ауданының өкілі бірінші орынға, екінші және үшінші орындарға Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау ауданының мектеп мейірбикелері ие болды
26-05-2016
ЖИТС-тан қайтыс болғандарды еске алу Күніне акция
Подробнее...
Дүниежүзілік ЖИТС құрбандарын еске алу Күніне арналған онкүндік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Жоспары аясында, 2016 жылғы 18 мамырда
«Мейірбике»колледжінде Орталық мамандарының, «Маңғыстау» облыстық газеті мен «Лада» газеті журналистерінің, сондай-ақ «Мейірбике» колледжінің педагогтері мен студенттерінің (барлығы 58 студент қатысқан) қатысуымен, «Өзіңді АИТВ/ЖИТС-ты жұқтырудан сақта», «ЖИТС құрбандары туралы еске аламыз» деген тақырыптарда ашық түрде оқу сабағы өткізілді. Ашық оқу сабағының бағдарламасы, өзінде АИТВ/ЖИТС –тың алдын алу мәселелері жөніндегі дәрігер инфекционист А.М. Төлееваның, эпидемиолог көмекшілері З.Г. Ишмаеваның, А.Б. Отарғұловтың, педагог Ы.Т. Қоджабергенованың, мейірбике Г.Батырқұлованың сөздерін, сұрақ – жауап блогын; жеке дара әңгімелесулерді; студенттер мен педагогтардың ерікті түрдегі экспресс-тестілеуін (19 адам – нәтижелері – теріс); бейнероликтерді көрсетуді;ақпараттық білім беру материалдарын (Дүниежүзілік ЖИТС құрбандардын еске алу Күніне арналған АИТВ/ЖИТС мәселелер жөніндегі 50 буклет пен кітапшалар үлестірілген)үлестіруді қамтыды. «Маңғыстау» облыстық газеті мен «Лада» газетінің журналистері ЖИТС орталығының дәрігер-инфекционисі А.М. Төлеевамен, және колледж студенттерімен сұхбаттар ұйымдастырды. Ашық оқу сабағы емін-еркін ахуалда тартымды өтті, студенттер қоғамда қауіпсіз мінез-құлық, АИТВ-жұқтырылғаннан кәсіби және жеке-дара қорғанудың әдістері жөнінде ақпарат алды. Ашық оқу сабағының соңында студенттер де, сонымен қатар ЖИТС Орталығының қызметкерлері де АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша алдағы уақытта да ынтымақтастыққа сенім артатындығын білдірді.
Қысқаша мәлімет
1988 жылы Облыстық қан құю станциясының базасында жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын зерттеу зертханасы ашылды және иммуноферментті анализатормен (ИФТ) қамтамасыз етілді. 1991 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша "жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-ЖИТС орталығы) құрылды.)
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы вирусы жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 01 қазандағы № 240 бұйрығымен «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау областық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгерді.
«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» ШЖҚ МКК қызметі 18.09.2009 ж. №193-IVҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №143 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар Жоспарын, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында қабылданған АИТВ-инфекциясына қарсы күрес ісіне бейілділігі туралы Декларацияны іске асыруға бағытталған.
Жұмыс жылдық жоспарға сәйкес клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ және СР 23.06.2015 ж. № 508 бұйрығына және жылдық жоспарға сәйкес орындалады.
ЖИТС МОО мамандарымен облыс тұрғындары арасында алдын алу және індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде. ЖИТС ОО базасында СП (сенім пункті) кабинеті жұмыс жасайды, онда «Теңбе-тең» қағидаты бойынша халықтың осал топтары (СҚ – секс қызметкері, ИЕТ – инъекциялық есірткі тұтынушылар, ЕЖЕ -ерлермен ерлер арасындағы жыныстық қатынас) қатарынан волонтерлер мен аутрич-қызметшілер және оқытылған медбикесі бар «Газель» маркалы автомашинада жылжымалы сенім пункті тартылады..
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 08 тамыздағы № 118 қаулысына сәйкес «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» ШЖҚ МККатауы «Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.
Орталықтың мақсаты:
1) Өңірде адамның иммун тапшылығы вирусына (бұдан әрі - АИТВ-инфекциясы) эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
2) АИТВ инфекциясының және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі-ЖИТС) алдын алу, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс – шараларды ұйымдастыру және үйлестіру);
3) АИТВ және ЖИТС-ның қауымдастырылған ауруларының зертханалық диагностикасын ұйымдастыру және жүргізу;
4) АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға диспансерлеу және медициналық көмек көрсету, байланыстан кейінгі ретровирусқа қарсы профилактика жүргізу;